Фото: ғаламтордан
Атырауда орта мектептің директорынан туберкулез дерті анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы, NEGE. Атырау қалалық білім бөлімінің мәліметіне қарағанда, бұл туралы кеше, 18 қаңтарда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінен анықтама келген.
«Қазір туберкулез дертіне шалдыққан мектеп директоры денсаулығына байланысты жұмысынан шеттетілді. Мектеп директорымен жұмыс бабында қарым-қатынаста болған қызметкерлер медициналық тексеруден өткізіледі. Мектеп ғимаратына тиісті санитариялық іс-шаралары жүргізіліп жатыр», -деп хабарлады Атырау қалалық білім бөлімінен.
Источник: nege.kz