үй Қазақстан жаңалықтары Auezov University 80 жылдығы қалай атап өтіледі?

Auezov University 80 жылдығы қалай атап өтіледі?

7
0

141 Awrora

Auezov University 80 жылдығы қалай атап өтіледі?

Фотосурет: Auezov University

Еліміздегі іргелі көпсалалы жоғары оқу орны – Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 80 жылдығы 18 қарашада кең көлемде атап өтілмек, деп хабарлайды DKNews.kz.

Біз бүгін назарларыңызға мерейтой қарсаңында өтетін басты іс-шараларды ұсынамыз. Бұл туралы оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады.

18.11.2023 ж.

09:00-09:20 – Мұхтар Әуезов ескерткішіне гүл шоқтарын қою;

09:20-09:40 – «Green Challenge»: ағаш отырғызу рәсімі;

10:00-12:50 – Салтанатты бөлім (ресми құттықтаулар, спикерлердің баяндамалары);

13:00-14:00 – «Білім, ғылым және инновациялар» Халықаралық форумы;

14:00-15:30 – Дәрісханалардың ашылуы:

  •  Auezov University түлегі, Ұлттық ғылым академиясының академигі Жұрынов Мұрат Жұрынұлы атындағы дәрісхананың ашылуы
  •  Auezov University түлегі, меценат Сейітжанов Серікжан Сейітжанұлы атындағы дәрісхананың ашылуы

14:00-15:30 – Ғылыми зертханалардың ашылуы:

  •  «Тамақ биотехнологиясы» зертханасы
  •  «Химиялық өндіріс процестері мен аппараттарын модельдеу» зертханасы
  •  «Auezov REILEAP leather center» зертханасы
  •  Ауыз суды дайындаудың тиімді технологияларын жасау кешені

14:00-15:30 – «Өнеркәсіптік технологиялар және инжиниринг» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

14:00-15:30 – «Мұнай-газ кешенін ғылыми-технологиялық дамыту» XV халықаралық Надиров оқулары

16:00-17:00 – М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың 80 жылдығына арналған мерекелік концерт.

Источник: dknews.kz