үй Қазақстан жаңалықтары Ауған соғысының ардагерлері 62064 әскери бөлімінің жеке құрамымен кездесу өткізді

Ауған соғысының ардагерлері 62064 әскери бөлімінің жеке құрамымен кездесу өткізді

3
0

312 rob

Ауған соғысының ардагерлері 62064 әскери бөлімінің жеке құрамымен кездесу өткізді

Фотосурет: Қонаев гарнизонының баспасөз қызметі

2024 жылдың 15 ақпан күні Кеңес әскері шектеулі контингентінің ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Осы айтулы күн қарсаңында 12 ақпан күні мемлекеттік-құқықтық даярлық жүйесінде 62064 әскери бөлімінің жеке құрамы ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өткізілді.

Ауған соғысының ардагерлері 62064 әскери бөлімінің жеке құрамымен кездесу өткізді

Кездесуге Алматы облыстық ауған соғысы ардагерлері ұйымының төрағасы, Қонаев қаласының «Құрметті азаматы» Қанат Молдабергенов және Қонаев қалалық ауған соғыс ардагерлері ұйымы төрағасының орынбасары, қалалық мешіт имамы, «Айбын» орденінің иегері, Қонаев қаласының «Құрметті азаматы» Алдажар Сейітұлы  қатысты.

Ауған соғысының ардагерлері 62064 әскери бөлімінің жеке құрамымен кездесу өткізді

Кездесу ауған жерінде қаза тапқан боздақтарды бір минуттық үнсіздікпен еске алумен басталды.

Ауған соғысының ардагерлері 62064 әскери бөлімінің жеке құрамымен кездесу өткізді

Жеке құрамға қонақтарды таныстырып өткеннен кейін, ауған соғысы жайында бейнеролик көрсетілді. Келесі кезекте ардагерлер сұрапыл соғыс барысында басынан кешкендері туралы отансүйгіштік рухта әңгімелеп, сарбаздардың сұрақтарына жауап берді.

Ауған соғысының ардагерлері 62064 әскери бөлімінің жеке құрамымен кездесу өткізді

Источник: dknews.kz