үй Қазақстан жаңалықтары «Қазақконцерт» жылды табыспен аяқтады ...

«Қазақконцерт» жылды табыспен аяқтады Кеше, 19:58

38
0

"Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы отандық өнер туындыларын кеңінен насихаттау мақсатында құрылған мемлекетіміздің

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


"Қазақконцерт" жылды табыспен аяқтады
                Кеше, 19:58

"Қазақконцерт" жылды табыспен аяқтады

«Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы отандық өнер туындыларын кеңінен насихаттау мақсатында құрылған мемлекетіміздің ең ірі музыкалық мекемесі. Шара Жиенқұлова, Жамал Омарова, Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов, Мағауия Хамзин секілді Қазақстанның Халық әртістерінің ізін жалғастырушылар Роза Бағланова, Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Алтынбек Қоразбаев, Айжан Нұрмағамбетова сияқты танымал әншілерден кейін бүгіндері Азамат Жылтыркөзов, Медет Шотабаев, Димаш Құдайбергенов, Рухия Байдүкенова, Әлім Бейсембаев, Amre сынды талантты жастар сахна төрінде жүр. Шығармашылық ұжым биыл жаңадан құралған «Гүлдер» ансамблімен және «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығымен толықты. Төл дәстүрді терең меңгерген «Астана сазы» және TURAN ансамбльдері, Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі, FORTE TRIO мемлекеттік триосы, SAZ&SOUL вокалды-инструментальды ансамблі де бар.

«Талантты ұжымның ортасында қызмет ету мен үшін үлкен мәртебе. Алпыс жылдан астам тарихы бар киелі шаңырақта әлем өнері мен мәдениетін терең меңгерген дарынды өнерпаздар еңбек етеді. Мекеме әртістері республика көлемінде ғана емес, шет елдерде де өз өнерлерін паш етуде», — деді Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Ақтоты Райымқұлова.

Мемлекет басшысының моноқалаларды дамыту тапсырмасына сәйкес, өңір тұрғындарына арнайы концерттер беру жоспарға ілінді. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен гастрольдік іссапарлар 3 тақырыптық бағытта іске асырылды: Роза Бағланованың 100 жылдығы, «Ел бірлігі — Жаңа Қазақстан» және «Алматыдағы Алтын күз «Қазақконцертпен» бірге» жобалары.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстарында КСРО мен Қазақстанның Халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды. «Ел бірлігі — Жаңа Қазақстан» жобасы аясында Абай, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Жетісу, Түркістан, Жамбыл, облыстарының тұрғындары шығармашылық ұжымның өнерлерін тамашалады. «Алматым жүрегімде» атты Гала-концертте Қазақстандағы және Орталық Азиядағы тұңғыш ASTANA MUSICAL мемлекеттік театры шаһар жұртшылығына «Сиқырлы сазды Хор концерт» театрландырылған концерттік бағдарламасын, «№13», «ЕНТ тапсырмаймын», «Достар серті» және «Роза Бағланова» мюзиклдерін ұсынды. Аталмыш театр жақында жаңа «Алдар Көсе» қойылымын сахнаға шығарды.

Айта кетейік, биыл тұңғыш рет ерекше қажеттіліктері бар дарынды балаларға арналған «Арман асулары» және ALEM SAZ өнер фестивалдері өтті.

Источник: kaz.tengrinews.kz