үй Қазақстан жаңалықтары Қазақ спортшысы Индонезияда өткен әлем кубогында Олимпиада чемпионын жеңді

Қазақ спортшысы Индонезияда өткен әлем кубогында Олимпиада чемпионын жеңді

24
0

373 rob

Қазақ спортшысы Индонезияда өткен әлем кубогында Олимпиада чемпионын жеңді

Қазақ спортшысы Индонезияда өткен нысана көздеу жарысында швейцариялық олимпиада чемпионын жеңді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Отандасымыз Арина Алтухова Джакартада (Индонезия) өткен Әлем кубогінің жеңімпазы атанды.

Арина 50 метрдегі нысананы шағын калибрлі мылтықтан үш қалыпта ату бойынша қыздар арасындағы «алтын финалда» (golden match) Швейцариядан келген «Токио-2020» Олимпиадасының чемпионы Нина Кристенді ұтты.

Қазақ спортшысы Индонезияда өткен әлем кубогында Олимпиада чемпионын жеңді

19 жастағы алматылық мерген шешуші сайыста бірінші болып қажетті 16 ұпай жинады.

«Жеке жарыстағы медальдардан бөлек, Ислам Сәтбаев, Матвей Тимофеев және Константин Малинковский бар ерлер құрамасы командалық жарыста күміс жүлде жеңіп алғандарын да атап өткім келеді. Спортшыларымызды жоғары нәтижемен құттықтаймын және әлемдік ареналарда жаңа жеңістер тілеймін!»,- деп жазылған министрдің құттықтау хатында.

Источник: dknews.kz