үй Қазақстан жаңалықтары Қазақстан алғаш рет Freedom Ballet Gala өтеді

Қазақстан алғаш рет Freedom Ballet Gala өтеді

32
0

285 rob

Қазақстан алғаш рет Freedom Ballet Gala өтеді

3-наурызда Almaty Theatre және 5-наурызда «Астана Балет» театрында Еуропаның ірі театрларының балет жұлдыздары қатысатын Freedom Ballet Gala балет кеші өтеді. Талғампаз көрермен назарына тарту етілер бағдарламаға классикалық туындылармен қатар, заманауи балет үлгілері де еніп отыр. Гала-балет кешінде әлемдік хореография өнерінің інжу-маржанына баланған кейбір туындылар елімізде алғаш рет көрсетілмек, деп хабарлайды DKNews.kz.

Талғампаз көрерменнің өзі Freedom Ballet Gala жұлдызды құрамын көріп, таң-тамаша болары анық. Нидерланд ұлттық балетінің прима-балеринасы Анна Цыганкова,  Нидерланд ұлттық балетінің солисті Георгий Поцхишвили, Ағылшын ұлттық балетінің премьері  Габриэле Фрола, Үлкен театрдың жетекші солисті Мария Виноградова, Үлкен театрдың премьері  Владислав Лантратов және Еуропаның танымал театрларының өзге де һас шеберлері балет өнерінің мінсіз үлгісін паш етпек.  

Қазақстан алғаш рет Freedom Ballet Gala өтеді

Бірегей Гала-концертке қатысушылар – әлемдік балеттің һас шеберлері, қазіргі заманның танымал әртістері. Олардың орындауындағы өткен заманның балет өнерінің жауһарлары классикалық балет дәлдігін сақтап қана қоймай, бүгінгі күннің өзіндік реңіне бөленеді. Осылайша, заманауи хореография өнерінің өзектілігіне кезекті рет көз жеткіземіз.  

Қазақстан алғаш рет Freedom Ballet Gala өтеді

«Біз дайындап отырған бағдарлама аясында классикалық балет пен заманауи хореографиялық туындылардың үзінділерінен бөлек, осы кеш үшін арнайы шығарылған, адам баласының еркіндігі жайлы ой толғайтын хореографиялық қойылымның дүниежүзілік премьерасы өтеді. Осы туындыны қоюшылар мен орындаушылардың есімдері әзірше құпия сақталып тұр. Би кешінде көрермен қауымға дайындаған тосын сыйымыз бұнымен шектелмейтінін атап өткіміз келеді», — дейді ұйымдастырушылар.

Өнердің көркем жанрына арналған ауқымды іс-шара Халықаралық әйелдер күніне орайластырылып отыр. Бұл концерт балет өнеріндегі барша жетістіктердің, классикалық дәстүр мен тың ағымдардың салтанатты кешіне айналмақ. Кәсіби біліктілік пен орындаушылардың һас шеберлігі көрермен қауымды бей-жай қалдырмасы анық. ​​​​​​​

Источник: dknews.kz