үй Қазақстан жаңалықтары Қазақстан Бала құқықтары туралы конвенцияға хабарлар рәсіміне қатысты факультативтік хаттамаға қол қойды

Қазақстан Бала құқықтары туралы конвенцияға хабарлар рәсіміне қатысты факультативтік хаттамаға қол қойды

47
0

234 rob

Қазақстан Бала құқықтары туралы конвенцияға хабарлар рәсіміне қатысты факультативтік хаттамаға қол қойды

Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Ақан Рахметуллин Қазақстан атынан Бала құқықтары туралы конвенцияға хабарлар рәсіміне қатысты факультативтік хаттамаға қол қойды. (Бала құқықтары туралы конвенцияға 3-ші факультативтік хаттама), деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан БҰҰ Бас Ассамблеясы 2011 жылғы желтоқсанда қабылдаған және 2012 жылғы 28 ақпанда қол қою үшін ашылған осы адам құқықтары саласындағы маңызды халықаралық шартқа қол қойған 53-ші мемлекет болды.

Қазақстан Бала құқықтары туралы конвенцияға хабарлар рәсіміне қатысты факультативтік хаттамаға қол қойды

Құжат БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетіне (бала құқықтары саласындағы 18 тәуелсіз сарапшылар тобы) БҰҰ-ның бала құқықтары бойынша үш негізгі құжаттарымен (Бала құқықтары туралы конвенция және оның екі Факультативтік хаттамалары – балаларды қарулы қақтығыстарға тарту және балаларды сату, балалар жезөкшелігі және балалар порнографиясы туралы) көзделген бала құқықтарының бұзылуы туралы шағымдарды қабылдау және қарау өкілеттігін береді.

3-ші Факультативтік хаттамаға сәйкес, балалар немесе олардың өкілдері БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетіне өз құқықтарының бұзылуы туралы тікелей шағым бере алады. Комитет, өз кезегінде, әрбір істі қарап, қатысушы мемлекеттерге нақты ұсыныстар баяндалған шешімдер қабылдайды.

Бұл құжатқа қол қою Қазақстанның бала құқықтарын қамтамасыз етуге және балаларды құқықтық қорғаудың ұлттық тетіктерін нығайтуға бейілділігін растайды.

Құжат Қазақстан Республикасы үшін оны Парламент ратификациялағаннан кейін күшіне енеді.

Источник: dknews.kz