үй Қазақстан жаңалықтары Қазақстан СІМ басшысының Бахрейн Корольдігіне ресми сапары туралы

Қазақстан СІМ басшысының Бахрейн Корольдігіне ресми сапары туралы

25
0

246 rob

Қазақстан СІМ басшысының Бахрейн Корольдігіне ресми сапары туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ресми сапармен Бахрейн Корольдігіне барды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бахрейн тарапы Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосы басшысының сапарына ерекше мән берді. Министрді Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл-Халифа қабылдап, оған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан жылы лебіздері мен тілектерін жеткізді.

Қазақстан СІМ басшысының Бахрейн Корольдігіне ресми сапары туралы

Қазақстан СІМ басшысының Бахрейн Корольдігіне ресми сапары туралы

Қазақстан СІМ басшысының Бахрейн Корольдігіне ресми сапары туралы

М. Тілеуберді сұхбаттасын Қазақстанның саяси және экономикалық жаңғыруының жаңа кезеңімен таныстырды. Өз кезегінде Король ҚР-дің қазіргі даму қарқынын жоғары бағалап, Қазақстан халқының игілігі үшін жүргізіліп жатқан Президент реформаларына қолдау білдірді.

Қазақстан СІМ басшысының Бахрейн Корольдігіне ресми сапары туралы

Қазақстан СІМ басшысының Бахрейн Корольдігіне ресми сапары туралы

Қазақстан-Бахрейн саяси өзара іс-қимылының даму серпінін ескере отырып, тараптар диалогты жоғары деңгейде жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту мақсатында көліктік-логистикалық мәселелерді шешу үшін бірлескен күш-жігер жұмсауға келісті. Сондай-ақ, әлемдегі халықаралық жағдай, өңірлік және жаһандық қауіпсіздік мәселелері бойынша пікір алмасу болды.

Қазақстан СІМ басшысының Бахрейн Корольдігіне ресми сапары туралы

Қазақстан СІМ басшысының Бахрейн Корольдігіне ресми сапары туралы

Премьер-Министрдің орынбасары Халид бин Абдулла Әл-Халифамен келіссөздер барысында тараптар түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдету жолдарын қарастырды. Қазақстандық тарап Бахрейн Таяу Шығыстағы еліміздің маңызды серіктесі екенін атап өтті.

Қазақстан СІМ басшысының Бахрейн Корольдігіне ресми сапары туралы

Қазақстан СІМ басшысының Бахрейн Корольдігіне ресми сапары туралы

«Өзара саяси қолдаудың арқасында біз қазір өзара сенім мен белсенді ынтымақтастыққа негізделген достық қарым-қатынастамыз» Мұхтар Тілеуберді

Қазақстан СІМ басшысының Бахрейн Корольдігіне ресми сапары туралы

Қазақстан СІМ басшысының Бахрейн Корольдігіне ресми сапары туралы

Тараптар екі елдің өзара іс-қимылының жоғары деңгейін оң бағалады, бұл ретте сауда-экономикалық саладағы қолда бар әлеует толық көлемде пайдаланылмайтынын атап өтті. Осыған байланысты Қазақстан мен Бахрейн арасындағы ынтымақтастықтың Жол картасын әзірлеу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, онда одан әрі өзара іс-қимылдың нақты бағыттары көрсетілетін болады.

Қазақстан СІМ басшысының Бахрейн Корольдігіне ресми сапары туралы

Қазақстан СІМ басшысының Бахрейн Корольдігіне ресми сапары туралы

Қазақстан СІМ басшысының Бахрейн Корольдігіне ресми сапары туралы

Сыртқы істер министрі Абдуллатиф бен Рашид Әл-Заянимен кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қатынастардың барлық мәселелері талқыланды. Министрлер өзара қызығушылық тудыратын аймақтық және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасты. «Орталық Азия – Шығанақ араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі» диалогтық платформасы шеңберінде өңіраралық кооперацияға ерекше назар аударылды.

Қазақстан СІМ басшысының Бахрейн Корольдігіне ресми сапары туралы

Қазақстан СІМ басшысының Бахрейн Корольдігіне ресми сапары туралы

Бахрейн тарапы екіжақты қатынастар тарихындағы Қазақстан СІМ басшысының Бахрейнге алғашқы ресми сапарын оң бағалап, оның барлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі арттыруға қосымша серпін беретініне сенім білдірді.

Қазақстан СІМ басшысының Бахрейн Корольдігіне ресми сапары туралы

Қазақстан СІМ басшысының Бахрейн Корольдігіне ресми сапары туралы

Сапар бағдарламасы Бахрейннің Сауда-өнеркәсіп палатасындағы келіссөздермен аяқталды. СӨП Төрағасы Самир Насс және Бахрейн бизнес топтарының өкілдерімен сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды жандандыру жолдары, сондай-ақ «Астана» Халықаралық қаржы орталығы мен Бахрейннің Халықаралық ислам қаржы нарығы арасындағы ынтымақтастық қаралды. Бизнесмендер арасындағы тікелей байланыстарды ынталандыру және ынтымақтастықтың перспективалы салаларын айқындау үшін екі ел арасында Іскерлік кеңес құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Қазақстан СІМ басшысының Бахрейн Корольдігіне ресми сапары туралы

Қазақстан СІМ басшысының Бахрейн Корольдігіне ресми сапары туралы

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар өзара сауданы кеңейтуге және инвестициялар көлемін ұлғайтуға, сондай-ақ экономиканың түрлі секторларында кооперацияны дамытуға бағытталған өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.

Источник: dknews.kz