үй Қазақстан жаңалықтары Қазақстан Қытай университеттерімен ғылыми әріптестікті кеңейтуде

Қазақстан Қытай университеттерімен ғылыми әріптестікті кеңейтуде

25
0

209 rob

Қазақстан Қытай университеттерімен ғылыми әріптестікті кеңейтуде

Фотосурет: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне жұмыс сапарымен келген ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП партия комитеті хатшысының орынбасары, ШҰАА Халық үкіметінің төрағасы Еркін Туниязбен оқу ордасының ректоры Жансейіт Түймебаев кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан Қытай университеттерімен ғылыми әріптестікті кеңейтуде

Кездесуге ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов, Қытай ғылым академиясы Шыңжаң экология және география институтының бас директоры Чжан Юаньмин, Шыңжаң университетінің президенті Яо Цян, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының Халық үкіметі хатшылығының басшысы Чжоу Сюйюн қатысты.

Жүздесуде ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов  министрлік тарапынан Қытай ЖОО-ларымен ғылыми зертханаларды бірге пайдалану, академиялық ұтқырлық бағдарламасын дамыту және бірлесіп ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді.

Қазақстан Қытай университеттерімен ғылыми әріптестікті кеңейтуде

Келіссөз барысында Жансейіт Түймебев Еркін Тунияз бастаған делегацияның университетке сапары екіжақты қарым-қатынасты дамытуға тың серпін беретінін және жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік жасайтынын атап өтті.

Қазақстан Қытай университеттерімен ғылыми әріптестікті кеңейтуде

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 27 мыңнан астам студент білім алады. Соның ішінде 4 мыңнан астам студент шетелден келген. Қазіргі таңда оқу ордасы Қытайдың 45 ЖОО-сымен және ғылыми ұйымдарымен тығыз байланыста. Бүгінде  ҚазҰУ-да 975 қытайлық студент оқып жатыр. Қытай елімен көрші болғандықтан, біз Үрімші және Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы университеттермен ынтымақтастықты дамытуға ниеттіміз» Жансейіт Түймебев

Қазақстан Қытай университеттерімен ғылыми әріптестікті кеңейтуде

Өз кезегінде ШҰАА Халық үкіметінің төрағасы Еркін Тунияз қонақжайлық танытқаны үшін ҚазҰУ басшылығына алғыс айтып, бірқатар ұсынысын ортаға салды.

Қазақстан Қытай университеттерімен ғылыми әріптестікті кеңейтуде

«Университетте «Қашықтан зондтау технологиясы және қолдану» қазақ-қытай бірлескен зертханасының ашылуы ҚазҰУ-дың Қытай ЖОО-ларымен тағыз байланыста екенін көрсетеді. Қазір Қытай ғылымға қатты көңіл бөлуде. Сондықтан екі мемлекеттің жоғары оқу орындары бірлесіп  ғылыми бағыттағы серіктестікті жаңа бағытта дамытатынына сенімдімін. Әріптестікті нығайту мақсатында ортақ халықаралық ғылыми шараларды өткізуді және студенттер алмасу жұмысын жандандыруды ұсынамын» Еркін Тунияз

Қазақстан Қытай университеттерімен ғылыми әріптестікті кеңейтуде

Жүздесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты серіктестікті дамытуға бағытталған барлық бастамаларды қолдайтынын айтып, аталған жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асыруға уағдаласты.

Қазақстан Қытай университеттерімен ғылыми әріптестікті кеңейтуде

Келіссөзден кейін ҚазҰУ ректоры Шыңжаң медициналық университетінің ректоры, Қытай ғылым академиясының Шыңжаң техникалық физика-химия институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Хаджи Акбермен кездесу өткізді.

Қазақстан Қытай университеттерімен ғылыми әріптестікті кеңейтуде

Әңгіме барысында тараптар медицина саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Источник: dknews.kz