Қазақстанда 18 қаңтарда теле-радиоарналар жұмысы уақытша тоқтатылады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазтелерадио" баспасөз қызметіне
- АВТОР
- Гүлнара Досымшалова Корреспондент
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- Vkontakte
- Одноклассники
- Telegram
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Қазақстанда 18 қаңтарда теле-радиоарналар жұмысы уақытша тоқтатылады Қазақстанда 18 қаңтарда теле-радиоарналар жұмысы уақытша тоқтатылады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазтелерадио» баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «18 қаңтарда сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін спутник, цифрлық және аналогты эфир желілердің техникалық құралдарында жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Жұмыс барысында Қазақстанның барлық аумағында теле-радиоарналар жұмысы уақытша тоқтатылады», — делінген хабарламада. Айта кетейік, мұндай жоспарлы-профилактикалық жұмыстар тоқсан сайын жүргізіледі. «Тоқсандық жоспарлы-профилактика жұмыстары сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді. Осы кезеңде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар жүргізіледі. Бұл жұмыстар сапалы теле-радио хабарын тарату үшін қажет», — деді «Қазтелерадио» баспасөз қызметі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz






