үй Қазақстан жаңалықтары Қазақстанда 24 градусқа дейін күн жылынады ...

Қазақстанда 24 градусқа дейін күн жылынады Кеше, 14:08

5
0

"Қазгидромет" РМК 16-18 қарашада ауа райы қандай болатынына болжам жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Қазақстанда 24 градусқа дейін күн жылынады
                Кеше, 14:08

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

«Қазгидромет» РМК 16-18 қарашада ауа райы қандай болатынына болжам жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер мәліметінше, алдағы күндері Солтүстік циклонның ықпалымен және атмосфералық фронтальды бөлімдер әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі: 18 қарашада еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде қатты жауын-шашын жаңбыр мен қар күтіледі. Бірақ қарашада жылы ауа райы сақталады.

«Оңтүстік аймақтарда 16-17 қарашада жауын-шашынсыз бұлтты ауа райы және күндізгі температура 19-24 градусқа дейін жоғарылауы болжанады, ал кезеңнің соңында жаңбыр жауады, таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Республика бойынша жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман болжанады», — делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz