үй Қазақстан жаңалықтары Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық? ...

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық? Кеше, 10:16

127
0

Қазақстандағы 7 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 13 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
                Кеше, 10:16

Фото:gov.kz/архивтен

Қазақстандағы 7 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 13 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «ҚазАвтоЖол» мәліметіне сілтеме жасап.

Абай облысында — 1 учаске

  • «Омск-Майқапшағай» 910-1002 шақырым, Қалбатау а. -Көкпекті а. — 92 шақырым (қар, бұрқасын, көктайғақ). Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады.

Жамбыл облысында — 3 учаске

  • «Алматы-Ташкент-Термез» 159-238 шақырым, Кенен а. — Қайнар а. — 79 шақырым.
  • «Мерке-Бурылбайтал» 161-273 шақырым, Бірлік а. -Бурылбайтал а. — 112 шақырым. Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады
  • «Алматы-Ташкент-Термез» 534-593 шақырым, Айша Бибі а. — Туркістан облысы шекарасы — 59 шақырым. Шектеу жүк көліктері үшін енгізілді (екпінді жел, қар арлас жаңбыр, тұман, шектеулі көрініс).

Жетісу облысында — 1 учаске

  • «Үшарал-Достық» 84-184 шақырым, Көктұма станциясы — Достық станциясы — 100 шақырым. Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады (бұрқасын, шектеулі көрініс, екпінді жел).

Қостанай облысында — 1 учаске

  • «Жезқазған-Петропавл» 252-335 шақырым, Арқалық қ. — Ұлытау облысы шекарасы — 83 шақырым (Ұлытау облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты). Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады.

Солтүстік Қазақстан облысында — 5 учаске

  • «Көкшетау-Кішкенекөл-Бидайық-РФ шекарасы 213-280 шақырым, Кішкенекөл — РФ. шекарасы — 67 шақырым.
  • «Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское» 62-228 шақырым, Возвышенка а. — Рощинское а. — 166 шақырым.
  • «Рощинское-Корнеевка-Волошинка» 0-87 шақырым, Рощинское а. -Волошинка а. — 87 шақырым учаскесі.
  • «Волошинка-Сергеевка-Тимирязево» 0-119 шақырым, Волошинка а. -Тимирязево а. — 119 шақырым.
  • «Тимирязево-Сарыкөл — облыс шекарасына дейін» 0-32 шақырым, Тимирязево а. — Қостанай облысы шекарасы — 32 шақырым (Бұрқасын, шектеулі көрініс). Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады.

Туркістан облысында — 1 учаске

  • «Алматы-Ташкент-Термез» 593-654 шақырым, Түркістан облысы шекарасы — Жібек Жолы а.( Машат өткелі арқылы) — 61 шақырым. Шектеу жүк көліктері үшін енгізілген.

Ұлытау облысында — 1 учаске

  • «Жезкқазған-Петропавл» 137-252 шақырым, Ұлытау а. -Қостанай облысы шекарасы — 188 шақырым. Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 524 техника және 860 адам жұмылдырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz