үй Қазақстан жаңалықтары Қазақстанда алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады? ...

Қазақстанда алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады? Кеше, 11:41

133
0

Синоптиктер Қазақстанда 6-8 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Қазақстанда алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?
                Кеше, 11:41

Фото:depositphotos.com

Синоптиктер Қазақстанда 6-8 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, алдағы күндері белсенді Атлантикалық циклон шұңқыры және онымен байланысты атмосфералық фронтал бөліктер әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде қар, оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. 6 қаңтарда солтүстік-батыста қар жауады, оңтүстікте жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, 7-8 қаңтарда солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта қар жауады. Жауын-шашынмен қатар республиканың солтүстік жартысында көктайғақ пен боран болады деп күтіледі. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

«Елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында температура күрт төмендейді. Сонымен, батыста және солтүстік-батыста түнгі уақыттарда 8-25 градус аязға дейін, солтүстікте 5-30 градус аязға дейін, ал республиканың шығысында 5-18 градус аязға дейін төмендеу күтіледі. Оңтүстік өңірлерде түнгі температураның негізгі фоны 5 градус аяз — 7 градус жылы шегінде болады деп күтіледі», — делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz