үй Қазақстан жаңалықтары Қазақстанда алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады? ...

Қазақстанда алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады? Кеше, 13:04

128
0

Синоптиктер 7-9 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  • АВТОР
  • Дина Шарипханова Корреспондент
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Қазақстанда алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?
                Кеше, 13:04

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер 7-9 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Метеорологтар мәліметі бойынша, Атлант циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттар елдің барлық аумағында тұрақсыз ауа райы режимін сақтай отырып, шығысқа қарай баяу ығысуын жалғастырады. Қазақстанның шығысында қалың қар жауады, ал оңтүстігінде жаңбыр мен қар, таулы аймақтарда қатты жауын-шашын болады.

Республиканың барлық аумағында бұрқасын, көктайғақ құбылыстары, батыста және оңтүстікте тұман күтіледі.

«Бірақ 7 қаңтарда суық арктикалық антициклон елдің батысынан ауыса бастайды, онымен жауын-шашынның біртіндеп тоқтауы және батыста, содан кейін елдің қалған бөлігінде ауа температурасының күрт төмендеуі күтіледі. Термометр бағандары төмендейді: батыста, елдің орталығында 20-28 градус аязға дейін, солтүстік-батыста, республиканың солтүстігінде 25-33 градус аязға дейін, шығыста 5-13 градус аязға дейін, ал елдің оңтүстігінде 0-10 градус аязға дейін», — делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz