Синоптиктер Қазақстанда 21-23 желтоқсанда ауа райы қандай болатынына болжам жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Синоптиктер Қазақстанда 21-23 желтоқсанда ауа райы қандай болатынына болжам жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кезеңнің басында республиканың солтүстік және шығыс бөлігінде, сондай-ақ орталығында атмосфералық фронттардың өтуімен түнде қар, күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), түнде солтүстік пен шығыста қатты қар күтіледі. 23 желтоқсанда атлантикалық циклонының әсерінен Қазақстанның батысы мен оңтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. «Республика бойынша көктайғақ, бұрқасын күтіледі және жел 15-20, екпіні 25 м/с-қа дейін күшейеді, сондай-ақ тұман болжанады. Алайда ауа температурасында күрт өзгерістер күтілмейді», — делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz






