Синоптиктер 23-25 қарашада Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев Синоптиктер 23-25 қарашада Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстанның басым бөлігі әлі күнге дейін циклонның ықпалында болады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі: қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) 23 қарашада оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, 23-24 қарашада солтүстік-батыста, 24 қарашада солтүстікте күтіледі. «Кезеңнің аяғында ғана оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және орталықта ауа райы біртіндеп тұрақталады, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел 15-28 м/с күшейеді, 23 қарашада солтүстікте, солтүстік-батыста, 23-24 қарашада оңтүстік және оңтүстік-шығыста өте қатты жел 30 м/с және одан да аса болжанады, солтүстік жартысында бұрқасын, көктайғақ болады деп күтіледі», — делінген хабарламада. Кезеңнің аяғына қарай ауа температурасы батыста түнде 15 аяз-2 жылыдан 8 аяз-8 жылыға дейін жоғарылайды, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта түнде 3-15 аязға дейін, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде 6 аяз-5 жылыға дейін төмендейді, шығыста 10 аяз-3 жылы күтіледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz






