Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық тасжолдардың қай учаскелері көліктер үшін жабық екені айтлды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
© Depositphotos.com Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық тасжолдардың қай учаскелері көліктер үшін жабық екені айтлды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «ҚазАвтоЖол» ақпаратына сілтеме жасап. Қозғалысқа шектеу көліктің барлық түріне енгізілген. Жолдардағы жедел жағдай картасына сәйкес Жетісу облысында 27 желтоқсанда сағат 22:20-да жабылған Сарыөзек – Көктал жолының 45-68 шақырымы, Алтын Емел асуы жабық. Себебі: нөлден төмен температурада жаңбыр жауады. Скриншот/ «ҚазАвтоЖол» Жамбыл облысында Екатеринбург-Алматы жолының 2005-2152 шақырымдық учаскесі 27 желтоқсаннан бастап Қарағанды облысының шекарасы – Бурылбайтал ауылы учаскесінде жабылған. Қарағанды облысында 27 желтоқсанда сағат 23:00-ден бастап Екатеринбург — Алматы жолының 1854-1993 шақырымдарындағы Балқаш пен Сарышаған ауылы арасындағы учаскесі жабылды. Себебі: нөлден төмен температурада жаңбыр қарға айналады, көктайғақ, жел. 28 желтоқсанда сағат 04:20-дан бастап Екатеринбург – Алматы жолының 1505-1854 шақырымындағы Новостройка ауылы – Балқаш учаскесі де жабылды. Себебі: қар, жел, көктайғақ. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz






