Денсаулық сақтау министрлігі психикалық ауытқуы бар қазақстандықтар туралы мәлімет жариялады. Мұндай адамдар саны 200 мыңға жуықтайды, — деп
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Фото:depositphotos.com Денсаулық сақтау министрлігі психикалық ауытқуы бар қазақстандықтар туралы мәлімет жариялады. Мұндай адамдар саны 200 мыңға жуықтайды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Денсаулық сақтау министрлігі Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында 2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, психикалық және мінез-құлық ауытқулары бар 198 417 адам динамикалық бақылауда тұрғанын хабарлады. Олардың ішінде: «Алайда психикалық және мінез-құлық ауытқуларының болуы стационарлық емдеуге көрсеткіш болып табылмайды. Стационарлық емдеу аурудың жедел ағымы және/немесе өршуі кезінде көрсетіледі. Стационарлық ем алғаннан кейін пациенттер амбулаторлық бақылауды жалғастырады», — деді ведомство өкілдері. Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, 2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша «шизофрения» диагнозымен дәрігерлердің бақылауында 289 бала, 19 405 әйел және 19 586 ер адам болған. 2023 жылы психикалық денсаулық орталықтарында 70,5 мың науқас, оның ішінде 8 мыңнан аса бала емделген. 1 қаңтардағы жағдай бойынша Психикалық денсаулық орталықтарында 7223 науқас болған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz






