үй Қазақстан жаңалықтары Қазақстанда автогаз қаншаға қымбаттайтыны белгілі болды ...

Қазақстанда автогаз қаншаға қымбаттайтыны белгілі болды Кеше, 14:05

4
0

Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газының бағасын кезең-кезеңімен көтеруді жоспарлап отыр. Бұл туралы энергетика вице-министрі Әлібек

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Қазақстанда автогаз қаншаға қымбаттайтыны белгілі болды
                Кеше, 14:05

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газының бағасын кезең-кезеңімен көтеруді жоспарлап отыр. Бұл туралы энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, 2024 жылы сұйытылған мұнай газы литріне 5 теңгеге қымбаттайды.

«Энергетика министрлігі бағаны кезең-кезеңмен көтеруді жоспарлап отыр. 2024 жылдың бірінші тоқсанында сұйытылған мұнай газының 1 литрі шамамен 5 теңгеге көтеріледі деп күтеміз. Одан кейін алдағы 3 жылда газ бағасы әр 6 ай сайын қымбаттап отырады», — деді вице-министр Энергетика министрлігінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, бағаны көтеру жергілікті газ өңдеу зауыттарын жаңғырту, сондай-ақ газ өндіретін кәсіпорындардың шығынсыз болуын қамтамасыз ету үшін қажет.

«Осы арқылы біз елдегі газ тапшылығын азайтамыз», — деді Жамауов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz