үй Қазақстан жаңалықтары Қазақстанда «Бурабай» санаторийінің базасында Курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институты құрылды

Қазақстанда «Бурабай» санаторийінің базасында Курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институты құрылды

27
0

99 Арман

Қазақстанда «Бурабай» санаторийінің базасында Курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институты құрылды

«Бурабай» республикалық оңалту орталығының базасында Курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институты құрылды, ол Қазақстандағы курортологияны дамытудың бірыңғай ғылыми-әдістемелік орталығы болады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құрылған Курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институты санаторийлік-курорттық саланы дамыту үшін табиғи емдік балшықтарды, минералды суларды, өңірлердің климаттық ерекшеліктерін ғылыми, сараптамалық және кешенді зерттеулер жүргізетін болады. 

Ол үшін ҒЗИ-дың базасында Қазақстан Республикасының аумағында табиғатты ұтымды пайдаланудың ғылыми негіздерін әзірлеу және жер асты және жер үсті суларын, емдік балшықтарды пайдалануға, минералды ауызсуларды құюға қорытынды бере отырып, сараптама жүргізу үшін заманауи зертханалық орталық құру жоспарлануда.

Қазақстанда «Бурабай» санаторийінің базасында Курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институты құрылды

ҒЗИ-дың базасындағы бірыңғай әдістемелік орталық осы саладағы бірыңғай стандарттарды әзірлеуді өз мойнына алады, профилактикалық және қалпына келтіру медицинасындағы жаңа технологиялардың жолсерігі, құқықтық және ғылыми-ұйымдастыру жұмыстарының кураторы болады, сондай-ақ кадрлық, материалдық-техникалық, консультациялық-әдістемелік сипаттағы мәселелерді шешуге ықпал етеді.

Денсаулық сақтау министрлігі санаторийлік-курорттық емдеу халықты сауықтыру ісінде пәрменді шара болуға тиіс екенін атап өтті.

«Бурабай» оңалту орталығының директоры Саягүл Қайыргелдинаның айтуынша, еліміздің жетекші курортологтар тобы республиканың барлық халқын — балалар мен ересектерді емдеу және оңалту үшін арнайы бағдарламалар әзірлеуді жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде Қазақстанның бірегей табиғи емдеу ресурстарын санаторийлік-курорттық салада пайдаланудың жаңа жолдары, сондай-ақ қалпына келтіру технологияларындағы инновациялық тәсілдерді енгізу айқындалды.

Ол терапия нәтижелеріне қол жеткізу және емдеу және санаторийлік-оңалту көмегін көрсетуде тиімділікті арттыру үшін: емхана – стационар -санаторий кезеңдерінде сабақтастық қағидаты сақталуы тиіс екенін атап өтті.

Дәл осы қағиданы сақтай отырып, пациенттерді емдеуде және аурулардың профилактикасында бірыңғай тәсілге және денсаулықты сақтау және қалпына келтіру секілді бірыңғай мақсатқа қол жеткізіледі.

Источник: dknews.kz