Қазақстанда жаңа туған нәрестеге жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) туғаннан кейін бірден – 20 минут ішінде беріледі. Бұл өзгерісті көздейтін заң
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Фото:depositphotos.com Қазақстанда жаңа туған нәрестеге жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) туғаннан кейін бірден – 20 минут ішінде беріледі. Бұл өзгерісті көздейтін заң жобасын бүгін Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда мақұлдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Депутаттардың айтуынша, бұл норма бала саудасына қарсы күрес үшін қажет. Ол тек қазақстандықтарға ғана емес, республика аумағында туған шетел азаматтарына да қатысты болады. Еске салайық, 2023 жылдың шілдесінде ҚР Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, балаларға туғаннан кейін бірден ЖСН беру бойынша пилоттық жобаны іске қосқан болатын. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz

