үй Қазақстан жаңалықтары Қазақстанда көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы қалай өзгереді? ...

Қазақстанда көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы қалай өзгереді? Кеше, 16:14

6
0

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы қалай өзгеретінін айтты, — деп хабарлайды

  • АВТОР
  • Гүлнара Досымшалова Корреспондент
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Қазақстанда көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы қалай өзгереді?
                Кеше, 16:14

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы қалай өзгеретінін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенатта Әлеуметтік кодекске жаңа ұғым — «Аналарды марапаттау» енгізілгенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл көпбалалы аналардың еңбегін тану және құрмет көрсету ретінде енгізілген. Ол «Күміс алқа», «Алтын алқамен» марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған әйелдерге беріледі.

«Марапатталған аналарға төленетін жәрдемақының мөлшері де сараланады. Бүгінгі таңда алты, жеті және одан да көп бала туып, өсірген аналар бірдей мөлшерде жәрдемақы алады. Әлеуметтік кодекстің қабылдануымен аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері де өзгереді. 7 және одан да көп баласы бар аналарға төленетін жәрдемақы 7,4 АЕК-ке дейін өседі», — деді Дүйсенова.

Министрдің айтуынша, бұл өзгеріс 90 мыңға жуық марапатталған анаға қатысты болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz