үй Қазақстан жаңалықтары Қазақстанда мүгедектігі бар адамға күтім жасау еңбек өтіліне есептеледі ...

Қазақстанда мүгедектігі бар адамға күтім жасау еңбек өтіліне есептеледі Кеше, 16:46

28
0

2023 жылдан бастап мемлекет мүгедектігі бар адамдарға қамқорлық жасайтын азаматтарға зейнетақы және әлеуметтік аударымдар төлейді. Осылайша,

  • АВТОР
  • Дина Шарипханова Корреспондент
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Қазақстанда мүгедектігі бар адамға күтім жасау еңбек өтіліне есептеледі
                Кеше, 16:46

Фото:elements.envato.com

2023 жылдан бастап мемлекет мүгедектігі бар адамдарға қамқорлық жасайтын азаматтарға зейнетақы және әлеуметтік аударымдар төлейді. Осылайша, олар әлеуметтік сақтандыру жүйесіне енеді, ал мүгедектерге күтім жасау зейнетақыны есептеу кезінде еңбек өтіліне есептелетін болады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов 80 пайыз жағдайда мүгедектерге жақындары қарайтынын түсіндірді. 2023 жылдан бастап олар жеке көмекші немесе әлеуметтік қызметкер ретінде тіркеледі.

«Қазір жеке көмекшілер барлық зейнетақы және әлеуметтік аударымнан босатылған. Әрине, мүгедекті бағып-қағу кезеңі зейнетақы тағайындау кезінде олардың еңбек өтіліне есептелмейді. Ал егер оларға кенеттен қандай да бір әлеуметтік қауіп төнсе, олар қорғалмайды.

Сондықтан әлеуметтік кодекс аясында олар үшін аударымдар қарастырылады. Барлық зейнетақы, әлеуметтік аударымдар — Әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорына, Бірыңғай Ұлттық зейнетақы қорына. Мүгедектігі бар адамға күтім жасау уақыты зейнетақы тағайындау кезінде және асыраушысынан айырылу, еңбекке қабілеттілігінен айырылу, жұмысынан айырылу сияқты түрлі әлеуметтік тәуекелдер туындаған кезде еңбек өтіліне ескеріледі, бұл адам МӘСҚ тарапынан да қорғалады. Қазір бұл жоқ, 2023 жылдан бастап әлеуметтік кодекс аясында жоспарланған», — деп түсіндірді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова.

Ол қазір мұндай азаматтарға төленетін төлем 100 мың теңге екенін түсіндірді. 2023 жылы АЕК өсімін ескере отырып өседі. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан және БЖЗҚ-дан төлемдер мемлекет есебінен жүзеге асырылады және жәрдемақы мөлшеріне әсер етпейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz