үй Қазақстан жаңалықтары Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін цифрлық технологиялардың қолжетімділігі жөніндегі стандарт жаңартылады

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін цифрлық технологиялардың қолжетімділігі жөніндегі стандарт жаңартылады

27
0

332 rob

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін цифрлық технологиялардың қолжетімділігі жөніндегі стандарт жаңартылады

Фотосурет: АР

Жаңартылған Стандарт мүмкіндігі шектеулі пайдаланушылар үшін веб-ресурстарды қалай қолжетімді ету керектігі туралы нұсқауларды белгілейді. Қол жетімділікті қамтамасыз ету визуалды, есту, физикалық, сөйлеу, танымдық, тілдік, неврологиялық шектеулер мен оқудағы қиындықтарды қоса алғанда, көптеген шектеулерді ескере отырып жасалады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сондай-ақ жаңа стандарттағы барлық принциптерді сақтау веб-ресурстардағы жасы ұлғайған сайын қабілеттері өзгеретін егде жастағы пайдаланушылар үшін де қолжетімді етеді, сонымен қатар кейбір жағдайларда барлық пайдаланушылардың мазмұнды пайдалануын жақсартады.

Айта кетейік, осы жылдың қаңтар айының соңында ҚР Парламенті Сенатындағы дөңгелек үстелде аталған мәселе барлық мүдделі қатысушылармен талқыланды. Онда баяндамашы Зият Әбдіқайымов, диджитал-инклюзия бойынша сарапшы талдау жүргізіп, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ақпараттың интернетте қолжетімділігін арттыру тәсілдерін таныстырды. Өз тарапынан ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология Комитеті Халықаралық тәсілдердің соңғы нұсқасына сәйкес стандартты тезірек жаңарту туралы бастаманы қолдады.

«Бүгінгі таңда мүгедектігі бар адамдар үшін ақпараттың қолжетімділігі жөніндегі талаптарға сай келмейтін ақпараттық ресурстар, сайттар бар екені жасырын емес. Біздің міндетіміз осы сын — тегеуріндерге жауап беретін және осындай мүмкіндіктер беретін стандарттарды кезең-кезеңімен енгізу» Қуаныш Елікбаев

Бүгінгі таңда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған цифрлық технологиялардың қолжетімділігі жөніндегі стандартты жаңарту ағымдағы жылға арналған жоспарға енгізілген. Жақын арада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған заманауи стандарт пайда болады.

Источник: dknews.kz