үй Қазақстан жаңалықтары Қазақстанда Мексиканың елшілігі ашылады

Қазақстанда Мексиканың елшілігі ашылады

74
0


                Қазақстанда Мексиканың елшілігі ашылады

Фото: ғаламтордан

Биыл Астана қаласында Мексиканың Елшілігі ашылады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады.

Алматы, NEGE. ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілінің айтуынша, 12-13 қаңтарда Мехико қаласында Мексика Сыртқы істер министрі Марсело Эбрардтың дипломатиялық корпуспен 34-ші жыл сайынғы кездесуі өтті.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілінің айтуынша, 12-13 қаңтарда Мехико қаласында Мексика Сыртқы істер министрі Марсело Эбрардтың дипломатиялық корпуспен 34-ші жыл сайынғы кездесуі өтті.

«Өз сөзінде Марсело Эбрард биылғы міндеттері туралы айта отырып, 2023 жылы Мексика бес жаңа елшілікті, оның ішінде Қазақстанда да ашатынын ресми түрде хабарлады», — деді Айбек Смадияров. 

Айбек Смадияров Қазақстан Мексика үкіметінің тілегін құптайтынын және Астанада Мексика елшілігін ашуға қажет көмек беруге дайын екенін айтты.

Источник: nege.kz