үй Қазақстан жаңалықтары Қазақстандағы AI-білім берудің жаңа дәуірі

Қазақстандағы AI-білім берудің жаңа дәуірі

0

219 Тимур РАЕВ

Фотосурет: SDU

SDU университетінде Freedom Holding Corp. қолдауымен салынатын жаңа блоктың іргетасын қалау рәсімі өтті. Жаңа блоктың іргетасын қалау рәсіміне Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов қатысты.

Жалпы ауданы 5600 шаршы метрден асатын аумақта заманауи оқу ғимараты салынады, бұл студенттерге әртүрлі қолданбалы салаларда жасанды интеллект негізіндегі технологияларды пайдалануға мүмкіндік береді. Роботехника, киберқауіпсіздік, спорттық бағдарламалау және машиналық оқыту салаларында AI зертханалары бар Freedom space аймағын ашу жоспарлануда. Бірегей үлгідегі зертханалар студенттерге теориялық білімді практикалық біліммен ұштастыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ кампуста интерактивті қаржылық сауаттылық орталығы болады, бұл жердегі Freedom Academy сарапшыларынан студенттер инвестициялау мен трейдингтің негізгі принциптерін үйрене алады. Сонымен қатар, университеттің жаңа блогы финтех-инновациялар саласында және басқа да бағыттарда зерттеулер жүргізуге, сондай-ақ әртүрлі іс-шаралар, конференциялар мен семинарлар өткізуге арналған хабқа айналуы тиіс. Нәтижелі оқу мен қатар, жайлы демалыс аймақтарын құру үшін де жағдай жасалады.

Нысанның құрылысына Freedom Holding Corp. еншілес ұйымы болып табылатын «Freedom Шапағат» қайырымдылық қоры арқылы демеушілік жасап отыр. Қаржыландыру көлемі 1,8 млрд теңгені құрайды.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version