үй Қазақстан жаңалықтары Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды ...

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды Кеше, 10:15

111
0

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды
                Кеше, 10:15

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 2023 жылы республикалық бюджеттен 2,3 миллион адамға 3,3 триллион теңгеден аса сомаға зейнетақы төленген, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге 1 триллион 16,6 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 2 триллион 297,4 миллиард теңге бөлінген.

«2023 жылғы 1 қаңтардан бастап инфляция деңгейін ескере отырып, әлеуметтік төлемдерді жыл сайынғы индекстеу шеңберінде ынтымақты зейнетақы өсімі 10,5 пайыз (инфляция деңгейінен 2 пайызға ілгерілеп) болды. Сондай-ақ, ең төмен күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты базалық зейнетақы мөлшері ұлғайтылды.

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 744 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы – 82 868 теңге, базалық зейнетақы – 37 876 теңге», — делінген хабарламада.

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, еліміздегі зейнеткерлер саны 2 миллион 344 мың адам болған.

2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға сәйкес ынтымақты зейнетақы мөлшері 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 9 пайызға өскен.

«Осылайша, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жиынтық зейнетақының ең төмен мөлшері 77 417 теңгеден (2023 жылы) 86 068 теңгеге дейін ұлғайтылды».

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz