үй Қазақстан жаңалықтары Қазақстандықтар құжаттардың қағаз нұсқасын талап ете ала ма? Министрлік жауабы ...

Қазақстандықтар құжаттардың қағаз нұсқасын талап ете ала ма? Министрлік жауабы Кеше, 15:17

29
0

Қазақстандықтар құжаттардың қағаз нұсқасын талап ете ала ма? Әділет министрлігі сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  • АВТОР
  • Дина Шарипханова Корреспондент
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Қазақстандықтар құжаттардың қағаз нұсқасын талап ете ала ма? Министрлік жауабы
                Кеше, 15:17

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстандықтар құжаттардың қағаз нұсқасын талап ете ала ма? Әділет министрлігі сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2022 жылдың ортасында Қазақстан ресми түрде электрон құжаттарды қағаз құжаттармен теңестірді. Заң азаматтарға қағаз құжаттарды өзімен бірге алып жүрмеуге мүмкіндік береді.

2023 жылдың өзінде БАҚ-та Ақтауда баланың туу туралы куәлігін алу аналар үшін қиындық тудырады деген ақпарат пайда болды. Олардың айтуынша, АХАЖ қызметкерлері электрон құжат жеткілікті деп, туу туралы куәлікті басып шығарудан бас тартқан.

Әділет министрлігі мәліметінше, азаматтар өз қалауы бойынша анықтамаларды қағаз жүзінде ала алады, заңнамалық шектеулер жоқ.

«Бүгінде бланкілердің жетіспеушілігі бойынша проблемалар жоқ, барлық тіркеуші органдар бланкілік өнімдермен қамтамасыз етілген. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыру мен ақпараттық қауіпсіздікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 14 шілдедегі заңмен Кодекске өздеріне қатысты акт жазбасы жасалған адамдарға азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер мен анықтамалар беру бөлігінде электрон нысанда және қалауы бойынша қағаз түрінде беру туралы өзгерістер енгізілді. Осыған байланысты азаматтар өз қалаулары бойынша анықтамаларды қағаз түрінде ала алады, заңнамалық шектеулер жоқ», — деді ведомство өкілдері Tengrinews.kz тілшісіне.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz