үй Қазақстан жаңалықтары Қазақстаннан 41 құтқарушы Түркияға көмекке аттанды

Қазақстаннан 41 құтқарушы Түркияға көмекке аттанды

19
0


                Қазақстаннан 41 құтқарушы Түркияға көмекке аттанды

Фото: ғаламтордан

Қазақстанның республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушылары, медициналық қызметкерлер және құтқарушы иттер Түркияға көмекке аттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі бірінші вице-министрі Ибрагим Құлшымбаев айтып берді.

«Өздеріңіз білетіндей, бүгін таңертең Түркия Республикасының орталық бөлігінде бірқатар жер сілкінісі болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. Қазір ТЖ министрлігінің құтқарушылары «Бүркіт» әуе компаниясының ұшағына мініп, Астанадан Алматыға барады. Алматыда министрліктің күш-құралы толығымен Түркияға аттанады», — деді Ибрагим Құлшымбаев «Жібек жолы» телеарнасының тікелей эфирінде.

Спикердің айтуынша, Түркияға республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушылары бара жатыр, олардың көпшілігінде халықаралық құтқарушы санаты бар. Сондай-ақ, «Апат медицинасы» орталығының медицина қызметкерлерін қосқанда, жалпы 41 адам Түркияға ұшады.

«Өзімізбен бірге апаттық-құтқару автокөліктерін, медициналық жабдықтарды, пневмо-модульдік шатырлар, гидравликалық құтқару құралдарын алдық. Оған қоса, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы кинологиялық тобы қызметтік иттерді алып барады. Түркияға жеткен соң тағы да байланысқа шығып, жағдайды баяндаймыз», — деді бірінші вице-министр.

Источник: nege.kz