үй Қазақстан жаңалықтары Қазақстанның 12 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды ... Қазақстан жаңалықтары Қазақстанның 12 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды Кеше, 09:05 арқылы adm1nQazAsia - 21.11.2023 18 0 Facebook Twitter Pinterest WhatsApp "Қазгидромет" синоптиктері 20 қарашада елдің 12 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. АВТОР Дина Шарипханова Корреспондент ПОДЕЛИТЬСЯ TengriNews жаңалықтарына жазылу: Google News Яндекс Новости Email рассылка Жаңалықтар Қазақстан жаңалықтары Әлем жаңалықтары Қате таптыңыз ба? Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев «Қазгидромет» синоптиктері 20 қарашада елдің 12 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман. Алматыда түнде және таңертең тұман күтіледі. Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел шығысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 18 м/с күтіледі. Батыс Қазақстан облысының батысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың оңтүстігінде екпіні 23 м/с. Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, орталығында, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 25 м/с. Атырау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с. Шымкентте түнде тұман күтіледі. Маңғыстау облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 23-28 м/с күтіледі. Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, түнде облыстың батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz