үй Қазақстан жаңалықтары Қазақстанның 20 миллионыншы бес тұрғынына не беріледі? ...

Қазақстанның 20 миллионыншы бес тұрғынына не беріледі? Кеше, 14:26

27
0

20 миллионыншы тұрғын атанған 5 балаға 2 миллион теңгенің сертификаты беріледі. Бұл туралы "Отбасы банк" баспасөз қызметі хабарлады, — деп хабарлайды

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Қазақстанның 20 миллионыншы бес тұрғынына не беріледі?
                Кеше, 14:26

Фото: depositphotos.com

20 миллионыншы тұрғын атанған 5 балаға 2 миллион теңгенің сертификаты беріледі. Бұл туралы «Отбасы банк» баспасөз қызметі хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Сіздерді осы айтулы күнмен құттықтаймыз! Бүгінгі күн жай ғана күн емес, тарихи оқиға, өйткені Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғыны бар. Бұл оқиға әрқайсымыз үлкен мақтаныш сезімін ұялатады!

«Отбасы Банкі» АҚ 2 миллион теңгенің тұрғын үй сертификатын сый ретінде табыстап жатқанын қуанышпен хабарлаймыз. Бұл сертификат болашақта сіздің жеке баспанаңызды алуға маңызды үлес қосады деп сенеміз», — делінген хабарламада.

Еске салайық, 14 қарашада Қазақстан Республикасының халық саны 20 миллион адамға жетті. Халықтың деректер базасының көрсеткіштеріне сәйкес, 2023 жылғы 14 қарашада таңғы сағат 8.10-да туған 5 бала еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанды. Қазақстанның мерейлі азаматтары Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келді. Олардың ішінде 3 ұл және 2 қыз бар. Естеріңізге сала кетейік, 1991 жылы Қазақстан Республикасының халық саны 16,4 млн адамды құрады. Тәуелсіздік жылдарында ел халқы 22,3 пайыз өсті. Мәселен, 2022 жылы 1991 жылмен салыстырғанда туу саны 353,2 мыңнан 403,9 мың адамға дейін немесе 14,7 пайыз өсті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz