Алматы прокуратурасы "ҚазМұнайГаз" жаңа инвестициялық бағдарламасы туралы жалған жарнамаға" қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Фото ©️ Tengrinews.kz Алматы прокуратурасы «ҚазМұнайГаз» жаңа инвестициялық бағдарламасы туралы жалған жарнамаға» қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматы Медеу ауданының прокуратурасы әлеуметтік желілерде «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның инвестициялық бағдарламасы туралы жалған жарнаманы анықтаған. «Бейнежазбада азаматтарға іске қосылған жаңа мемлекеттік «ҚазМұнайГаз» платформасына қаржы салып, 100 мың теңгеден дивиденд алуды ұсынады. «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның мәліметіне сәйкес таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды. Осыған байланысты прокуратура азаматтардан тағы да қырағы болуды және жасырынған қаржы пирамидасы болуы мүмкін түрлі ойдан шығарылған жарнамаларға бой алдырмауды сұрайды», — делінген хабарламада. Өз кезегінде құқық қорғау органдары заңсыз инвестициялық ұйымдардың қызметін анықтау және жолын кесу шараларын қабылдап жатқаны айтылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz






