үй Қазақстан жаңалықтары Балаларды оңалту еміне квоталарды бөлу: Антикор алаяқтық схема туралы жариялады ...

Балаларды оңалту еміне квоталарды бөлу: Антикор алаяқтық схема туралы жариялады Кеше, 13:22

26
0

Антикор балаларды оңалту еміне квоталар бөлу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері аясында Денсаулық сақтау министрлігіне ұсыныс енгізді, —

  • АВТОР
  • Дина Шарипханова Корреспондент
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Балаларды оңалту еміне квоталарды бөлу: Антикор алаяқтық схема туралы жариялады
                Кеше, 13:22

Фото:elements.envato.com

Антикор балаларды оңалту еміне квоталар бөлу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері аясында Денсаулық сақтау министрлігіне ұсыныс енгізді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство мәлеметіне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚПК 200-бабына сәйкес Денсаулық сақтау министрлігіне балаларды оңалту еміне квоталарын бөлу мәселелері бойынша заңды бұзуға ықпал еткен мән-жайларды жою туралы ұсыныс енгізген.

«Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саиннің өтініші негізінде University Medical Center корпоративтік қоры балаларды оңалту ұлттық орталығы қызметкерлерінің заңсыз ақшалай сыйақы алу дерегі бойынша соталды тергеу жүргізеді.

БОҰО қызметкерлерінің бірі мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарынан балаларды оңалту еміне квота бергені үшін 60-тан 100 мың теңгеге дейін ақшалай қаражат алғаны анықталды», — делінген хабарламада.

Тергеу нәтижелері бойынша бірнеше жыл бойы қолданылып келген алаяқтық схема тоқтатылып, ата-аналарға келтірілген залал толығымен өтелгені айтылды.

Сонымен қатар, тергеу барысында балаларды оңалту емін көрсету мәселелері бойынша бірқатар проблема мен кемшіліктер анықталған.

«Мысалы, өңірлерде квоталардың біркелкі бөлінбеуі, ата-аналардың сенімсіздігі және түсіндіру жұмыстарының жеткіліксіздігі, ашық және жалпыға қолжетімді кезектіліктің болмауы, сондай-ақ елде осындай республикалық орталықтардың жетіспеушілігі болды.

Осыған байланысты, Денсаулық сақтау министрлігі алаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Аружан Саиннің, вице-министр Вячеслав Дудниктің, аумақтық денсаулық сақтау басқармаларының, University Medical Center корпоративтік қорының, сондай-ақ БОҰО басшыларының қатысуымен ұсыныс қаралды», — делінген Антикор мәліметінде.

Талқылау нәтижелері бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында өңірлерде республикалық орталықтарға квоталар бөлу жөніндегі комиссиялар құруды жоспарлаған.

«Бұдан басқа, жақын арада оңалту еміне мұқтаж адамдардың жалпыға қолжетімді электрон кезегі іске қосылады.

Бұл шаралар қалпына келтіру емін қажет ететіндердің барлығын есепке алуға және оңалту көмегін көрсету қызметтерінің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді».

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz