үй Қазақстан жаңалықтары Бас онколог қазақстандықтар қатерлі ісіктің қай түріне көп шалдығатынын айтты

Бас онколог қазақстандықтар қатерлі ісіктің қай түріне көп шалдығатынын айтты

23
0


                Бас онколог қазақстандықтар қатерлі ісіктің қай түріне көп шалдығатынын айтты

Фото: ғаламтор

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас онкологы Диляра Қайдарова мәлімдеді, деп хабарлады BAQ.KZ. 

Алматы, NEGE.  Айтуынша, былтыр ел аумағында қатерлі ісіктермен сырқаттанушылық 100 мың тұрғынға шаққанда 199,2-ге жеткен. Яғни алдыңғы жылға қарағанда   сырқаттанушылық 4,7 пайызға өсті деген сөз. 

Онкологиялық сырқаттанушылық құрылымында бірінші орында дәстүрлі түрде сүт безі обыры, екінші орында – өкпе обыры, үшінші орында – колоректальды обыр, төртінші орында – асқазан обыры тұр. Өлім құрылымында бірінші орында – өкпе обыры, екінші орында – асқазан обыры, үшінші орында –колоректалды обыр және төртінші орында –  сүт безі обыры, — деп түсіндірді еліміздің бас онкологы. 

– Қазір диспансерлік есепте 200 мыңнан астам онкологиялық науқас болса, олардың 55 пайызы 5 жыл және одан да көп өмір сүруде. Бұл жақсы көрсеткіш. Дегенмен, барлық өңірлерде онкологиялық аурулардың саны артқан. Мысалы, 2018 жылы бізде 32 мыңға жуық жаңа қатерлі ісік ауруы анықталса, биылдың өзінде онкологиялық аурулардың 39 мың жаңа жағдайы тіркелді, – деді Диляра Қайдарова.

Источник: nege.kz