үй Қазақстан жаңалықтары Батыр ұлдардың ерлігі ұмытылмайды

Батыр ұлдардың ерлігі ұмытылмайды

16
0

289 rob

Батыр ұлдардың ерлігі ұмытылмайды

Кеңес әскерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 34 жыл толуына орай Аягөз қаласындағы интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоғын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Батыр ұлдардың ерлігі ұмытылмайды

Батыр ұлдардың ерлігі ұмытылмайды

Аталмыш шараға аудан әкімі Сейілбек Ысқақов,  Ауған соғысының ардагерлері, Аягөз гарнизонының әскери қызметшілері, мекеме басшылары мен соғыста опат болған жауынгерлердің туыстары, жас сарбаздықтар және қала тұрғындары қатысты. Жиналғандар ескерткіш алдына гүл шоқтарын қойып, ерлікпен опат болған жауынгерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алды. 

Батыр ұлдардың ерлігі ұмытылмайды

Батыр ұлдардың ерлігі ұмытылмайды

– Бүгін біз Ауған соғысында опат болған жауынгерлеріміз бен ардагерлеріміздің ерлігін еске алуға жиналып тұрмыз. Сол бір қатыгез соғыстың аяқталғанына биыл 34 жыл толып отыр. Бұл – біздің тарихымыздағы елеулі оқиғалардың бірі. Қаншама жауынгер бүгінде ортамызда жоқ. Алайда олардың жасаған ерлігі ешқашан ұмытылмайды, – деді

Аягөз ауданының әкімі Сейілбек Ысқақов.

Батыр ұлдардың ерлігі ұмытылмайды

Шара барысында ауданның құрметті азаматтары патриоттық тәрбие беруде еңбек етіп жүрген интернационалист жауынгерлерге ризашылықтарын білдіріп, дендеріне саулық тіледі. Сондай-ақ бүгінгі жастар тарихпен мақтануы керектігін, ел үшін ерлік көрсеткен, жанын қиған жауынгерлерді әрдайым есте сақтау керектігін атап өтті. 
Шара соңы қалалық мәдениет үйіндегі көркемөнерпаздардың мерекелік концертіне ұласты.   

Источник: dknews.kz