үй Қазақстан жаңалықтары «Батыс» ӨңҚ қызметі тексерілді

«Батыс» ӨңҚ қызметі тексерілді

19
0

211 rob

«Батыс» ӨңҚ қызметі тексерілді

Ағымдағы жылдың 8 ақпанында Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының Тыл жөніндегі орынбасары генерал-майор Жандос Омарқұлов қызметтік іс-сапармен Ақтөбе қаласындағы 6655 әскери бөлімінде болды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасарын өңірдегі құқықтық тәртіптің ахуалымен және әскери бөлімнің тұрмыс-тіршілігімен 6655 әскери бөлімнің командирі полковник Мирас Тұрдалин таныстырды. 

«Батыс» ӨңҚ қызметі тексерілді

Бөлім командирі әскери бөлімнің қызметтік-жауынгерлік іс әрекетін және Ақтөбе қаласының қоғамдық тәртібін қамтамасыз ету үшін жұмсалатын күш-құралдардың саны мен көлемі туралы баяндап, таныстырып өтті. Іс-сапар барысында Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының Тыл жөніндегі орынбасары әскери бөлімнің оқу-жаттығу объектілерін және сарбаздардың жатын орындарын аралап, әскери бөлімнің әлеуметтік жағдайына және жауынгерлік дайындығына жоғары баға берді.  

«Батыс» ӨңҚ қызметі тексерілді

Сонымен қатар, Жандос Қастелбекұлы жауынгерлердің алдында сөз сөйлеп, бөлімнің жеке құрамымен әңгімелесті. Ол әскери қызметшілердің жауынгерлік дайындығына жоғары баға берді және әскери бөлімнің жеке құрамы өз еліне адал қызмет ететініне сенімді екенін жеткізді.

Сөз соңында айта кету керек, генерал-майор Ж. Омарқұловтың бұл қызметтік іс-сапары 6655 әскери бөлімінің сауалдарын шешуге көптеген мүмкіндік берді. 

Источник: dknews.kz