үй Қазақстан жаңалықтары Бауырлас халықтардың рухани жақындасуы: Парижде ТҮРКСОЙ ұйымының 30 жылдық мерейтойы атап өтілді

Бауырлас халықтардың рухани жақындасуы: Парижде ТҮРКСОЙ ұйымының 30 жылдық мерейтойы атап өтілді

75
0

174 rob

Бауырлас халықтардың рухани жақындасуы: Парижде ТҮРКСОЙ ұйымының 30 жылдық мерейтойы атап өтілді

Фотосурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымының (ТҮРКСОЙ) 30 жылдығына орай ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде «Біз біргеміз» атты гала-концерт өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

ЮНЕСКО сахнасында «Қара жорға» биі мен Латиф Хамидидің әйгілі «Бұлбұл» романсы қойылды. Сондай-ақ кеш бағдарламасында халық әндері мен билері, түркі елдерінің көрнекті композиторларының шығармалары, соның ішінде Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын» күйі орындалды.

Бауырлас халықтардың рухани жақындасуы: Парижде ТҮРКСОЙ ұйымының 30 жылдық мерейтойы атап өтілді

Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрының солисі Зарина Алтынбаева, «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі және «Қазына» би тобы тамаша шығармаларды орындады.

Бауырлас халықтардың рухани жақындасуы: Парижде ТҮРКСОЙ ұйымының 30 жылдық мерейтойы атап өтілді

«Білесіздер, ТҮРКСОЙ ұйымы әлемге түркі елдерінің мәдениетін паш етуге ұмтылады. Бүгінгі шарада әр елдің құнды мұрасы құнтталып, мәдениет пен руханияттағы өзіндік орны айшықталды. Бұл орайда ұйым әлем халықтарын түркі жұртының дәстүр-мәдениетімен таныстыруға әлде де күш жұмсап, зор үлес қосатынына сенімдіміз», — деп атап өтті ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Саид Юсуф.

Бауырлас халықтардың рухани жақындасуы: Парижде ТҮРКСОЙ ұйымының 30 жылдық мерейтойы атап өтілді

Айта кетейік, Парижде ТҮРКСОЙ мерейтойын атап өту – бұл, ең алдымен, ұйымның бейбітшілікті нығайтуға және мәдени мұраны насихаттауға қосқан көпжылдық үлесін мойындау.

Бауырлас халықтардың рухани жақындасуы: Парижде ТҮРКСОЙ ұйымының 30 жылдық мерейтойы атап өтілді

Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы бауырлас халықтарды рухани жақындастыру жөніндегі өз миссиясын одан әрі дамытуға уәде берді, ал ЮНЕСКО-да ТҮРКСОЙ өзінің болашақ мәдени астаналарын, соның ішінде қазақстандық Ақтауды таныстырды. Бұл қалада іс-шаралар 2025 жылы өтетін болады.

Источник: dknews.kz