үй Қазақстан жаңалықтары «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы»: 220 үміткер іріктеудің соңғы кезеңдерінен өтеді

«Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы»: 220 үміткер іріктеудің соңғы кезеңдерінен өтеді

12
0

223 rob

"Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы": 220 үміткер іріктеудің соңғы кезеңдерінен өтеді

Фотосурет: pixabay.com

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Оқу-ағарту министрлігі Президенттік жастар кадрлық резервінің үлгісі бойынша білім берудегі өзгерістер көшбасшыларын іріктеу және даярлау механизмін бекітті, деп хабарлайды DKNews.kz. 

«Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» пилоттық жобасы аясында 220 талапкер соңғы іріктеу кезеңдерінен өтуде. Осылайша, 2024 жылдан бастап жаңа форматтағы басшылардың кадрлық резерві жыл сайын толықтырылатын болады.

Колледждердегі менеджмент жүйесін жетілдіру бойынша осындай кадрлық резервті қалыптастыру жұмыстары орта кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарында да жүргізілетін болады.

Сондай-ақ үздік білім беру ұйымдарының басшыларын «Болашақ» бағдарламасы бойынша 3-6 айлық курсқа шетелдерде тағылымдамадан өтуге жіберу жұмыстары жалғасады. Қазіргі таңда 200-ден астам педагог «Болашақ» бағдарламасы аясында «Білім» және «Педагогика» бағыттары бойынша шетелдерде тағылымдамадан өтуде.

Бұдан басқа, бірінші басшылардың кәсіби әлеуетін тиімді пайдалану мақсатында 1000-ға жуық балабақша меңгерушілері, мектеп, колледж директорлары ротацияланды.

Источник: dknews.kz