371 rob
Биыл облыста үкіметтік емес ұйымдардың жобасына 40 млн теңге грант бөлінді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.
Биыл тұңғыш рет «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» арқылы үкіметтік емес ұйымдардың 8 жобасына 40 млн теңге грант бөлінді. Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев мәлім етті,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Биыл облыста 727 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Олар азаматтардың денсаулығын қорғау, салауатты өмір салтын насихаттау, қоғамдық келісімді нығайту, білім және ғылым, ақпарат, спорт және дене шынықтыру, жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау, қоршаған ортаны қорғау, гендерлік саясат, басқа да әлеуметтік маңызды бағыттар бойынша белсенді жұмыс жасайды. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы биыл 617 млн теңгеден астам қаражат бөлініп, ҮЕҰ 55 жобаны жүзеге асырып жатыр. ҮЕҰ-мен ынтымақтастық пен өзара іс-қимылдың жүргізудің маңызды тетігі болып табылатын облыстық «Азаматтық орталығы» қызмет етіп келеді. Қоғамдық диалогты дамыту бағытында жергілікті атқарушы органдар басшыларының, Атырау қаласы және аудандар әкімдерінің ҮЕҰ өкілдерімен 21 кездесуі ұйымдастырылып, өзекті мәселелер талқыланды.
Сондай-ақ Атырау қаласы мен барлық аудандарда Жастар ресурс орталықтары жұмыс жасап тұр. Көптеген жастар үшін маңызды жобалар, соның ішінде, «Көңілді тапқырлар клубы» жобасы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында ұйымдастырылып келеді. «Жасыл ел» жобасы бойынша жастар еңбек жасағына 1756 адам қатысып, көгалдандыру және құрылыс бағыттары бойынша уақытша маусымдық жұмыстарға тартылды.
Жастардың қатысуымен қоғамдық пайдасы бар, жастардың өзіндік дамуына бағытталған шараларды өткізу жолға қойылған. Атап айтсақ, Атырау қаласына қарасты 21 бөбекжай алаңдарында «Менің жасыл алаңым» атты акциясы ұйымдастырылып, 1000 жеміс-жидек көшеттері мен қайын ағаштары отырғызылды. Н.Балғымбаев атындағы коммуникациялар қызметі орталығында облыстың белсенді 113 жастың қатысуымен «Atyrau Youth Hackathon» инновациялық идеялар байқауы өткізілді. Іс-шара ғылым және инновация, өнер және шығармашылық, IT және цифрлық технологиялар, экология және қоршаған орта атты төрт бағытта жүзеге асырылды. Әр бағыт бойынша үздік үш жоба анықталып, өз бастамаларын жүзеге асыруға қолдау ретінде I, II, III-орындар арнайы қаржылай сыйақылармен марапатталды Жасұлан Бисембиев
Айта кетейік, жыл ішінде волонтерлік жұмыстарға белсенді араласқан студентерге атқарылған жұмыстары үшін алғыс білдіру мақсатында «Жылдың үздік волонтері -2022» мараппаттау іс-шарасы өткізілген болатын.
Источник: dknews.kz