үй Қазақстан жаңалықтары Биыл Шымкентте 7500-ге жуық ер-азамат өздерінің 17-ші туған күнін атап өтіп, әскери...

Биыл Шымкентте 7500-ге жуық ер-азамат өздерінің 17-ші туған күнін атап өтіп, әскери есепке тұрады

106
0

286 Awrora

Биыл Шымкентте 7500-ге жуық ер-азамат өздерінің 17-ші туған күнін атап өтіп, әскери есепке тұрады

Қаңтар айының басынан бастап қаланың жергілікті әскери басқару органдарында осы жылы 17 жасқа толатын ер-азаматтарды әскери есепке қою басталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қалалық қорғаныс істері департаментінің хабарлауынша, еліміздің үшінші мегаполисінде түратын 7500-ге жуық 2006 жылы туылған ұлдар алғашқы әскери есепке алынады.

Биыл Шымкентте 7500-ге жуық ер-азамат өздерінің 17-ші туған күнін атап өтіп, әскери есепке тұрады

Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді жергілікті әскери басқару органдары олардың әскери қызметке жарамдылық санатын, білім деңгейін және дене даярлығын айқындау үшін жүргізеді. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерінің өкілдері олармен әңгімелесіп, құжаттарын тексереді.

Биыл Шымкентте 7500-ге жуық ер-азамат өздерінің 17-ші туған күнін атап өтіп, әскери есепке тұрады

Болашақ әскерге шақырылушылардың денсаулық жағдайы ерекше бақылауда. Олардың әрқайсысы медициналық тексеруден өтіп, нәтижелері бойынша әскери есепке қойылып, шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәлік беріледі.

Биыл Шымкентте 7500-ге жуық ер-азамат өздерінің 17-ші туған күнін атап өтіп, әскери есепке тұрады

Қаланың жергілікті әскери басқару органдарында тіркеу науқаны барысында жігіттерге әскерде қызмет етудің артықшылықтары мен перспективалары, әскери бейіндегі оқу орындарына түсу ережелері туралы міндетті түрде хабардар етілетініне назар аударған жөн. Осы жылдың қаңтар айында есепке алу жұмысымен бір мезгілде әскери жоғары оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды іріктеу науқаны басталды.

Естеріңізге сала кетсек, азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу елімізде жыл сайын қаңтардан наурызға дейін жүргізіледі.

Источник: dknews.kz