үй Қазақстан жаңалықтары Бокстан Спартакиада: Астанада жеңіске жету үшін 250-ден астам спортшы жарысады

Бокстан Спартакиада: Астанада жеңіске жету үшін 250-ден астам спортшы жарысады

40
0

210 rob

Бокстан Спартакиада: Астанада жеңіске жету үшін 250-ден астам спортшы жарысады

Фотосурет: ҚР ТСМ

Астанадағы Beeline Arena спорт кешенінде бокстан әр төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын ерлер арасындағы Спартакиада басталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Байрақты бокс бәсекесінде әлем чемпиондары – Сәкен Бибосынов, Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Нұрбек Оралбай және барлық өңірден жиналған 250-ден астам былғары қолғап шебері сынға түсіп жатыр.

Бокстан Спартакиада: Астанада жеңіске жету үшін 250-ден астам спортшы жарысады

Жекпе-жектер олимпиадалық жүйе бойынша өтеді. Ерлер 13 салмақ (46-48 кг, 51 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 63,5 кг, 67 кг, 71 кг, 75 кг, 80 кг, 86 кг, 92 кг, +92 кг) дәрежесінде жеңімпаздарды анықтайды.

Бокстан Спартакиада: Астанада жеңіске жету үшін 250-ден астам спортшы жарысады

VI жазғы Спартакиаданың алғашқы жарыс күнінде 48, 54, 67, 75, 86 кг салмақтағы спортшылар 1/8 финалдың жекпе-жектерін өткізді.
Турнир барысында ел чемпионы Нұрсұлтан Алтынбек (54 кг), Elorda Cup бәсекесінің жеңімпазы Тимур Қабдеш (54 кг), жастар арасында Қазақстан чемпионы Армат Арманұлы (75 кг), Тимур Нұрсейітов (75 кг), Аманбек Қазанғапов (86 кг) сынды боксшылар жарысты сәтті бастады. Ал 75 келідегі фавориттердің бірі саналған Аятулла Тәкіжанов тартысты кездесуде жастар арасындағы Азия чемпионы Бақберген Әлиасқаровтан 1:4 есебімен жеңіліп қалды.

«Алдағы бір апта бойы еліміздің ең мықты боксшылары елорда шаршы алаңында қолғап түйістіріп, жанкүйерлерге тартысты жекпе-жектер ұсынады. Турнир жеңімпаздары келесі жылы өтетін халықаралық ірі жарыстарда ел намысын қорғайтын болғандықтан, әрбір салмақтағы айқастар әділ бағаланып, шын мықты жеңіске жетуге тиіс. Ешқандай бұра тартушылыққа жол берілмеуі керек. Жекпе-жектердің әділ бағалануы үшін елордаға еліміздің және шетелдің ең тәжірибелі деген төрешілері шақырылды. Елорда тұрғындарын және қала қонақтарын боксшыларға қолдау көрсетуге шақырамын» Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев

Бүгін 51, 57, 60, 71 келідегі боксшылар сынға түседі. Бокс бәсекесінің барлық жекпе-жегін Qazsport телеарнасы күндізгі сағат 12:00-ден бастап тікелей эфирде көрсетеді. Финалдық жекпе-жектер 19 қарашаға жоспарланған.

Источник: dknews.kz