үй Қазақстан жаңалықтары ҰБТ-2023 «Математика-Информатика» комбинациясы енгізіледі

ҰБТ-2023 «Математика-Информатика» комбинациясы енгізіледі

27
0

325 Awrora

ҰБТ-2023 «Математика-Информатика» комбинациясы енгізіледі

Ұлттық бірыңғай тестілеудегі басты жаңашылдықтардың бірі – 2023 жылғы қаңтардан бастап «Информатика мұғалімдерін даярлау», «Ақпараттық технологиялар», «Ақпараттық қауіпсіздік» білім беру бағдарламалары топтарына түсушілер ҰБТ-ны «Математика-Информатика» комбинациясы бойынша тапсырады. Бұған дейін олар Математика-Физика комбинациясын тапсырған болатын. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев мәлімдеді.​​​​​, деп хабарлайды DKNews.kz.

Оның айтуынша, тестілеуге дайындықты жақсарту мақсатында оқу жылының басында информатика бойынша ҰБТ-да кездесетін 84 терминнің тізімі жарияланды. 

«Тестілеу барысында қазақ тілінде тапсырушылар үшін терминдердің орысша және ағылшынша, орыс тілінде тапсырушыларға қазақша және ағылшынша, ағылшынша тапсырушыларға қазақша және орысша аудармасы ұсынылады. «Математика-Информатика» комбинациясын пилоттық режимде 2022 жылы наурыз ҰБТ-сында 900-ға жуық бала тапсырды. Сондай-ақ барлық талапкерлер үшін тестілеуде компьютер  экрандарында калькулятор, Менделеев  және ерігіштік кестесі қолжетімді болады. Сонымен қатар тестілеу пәнінің спецификациялары, тест жоспары, Қазақстан тарихы және Дүниежүзі тарихынан 100 дата, Қазақ әдебиеті және орыс әдебиеті пәндерінен шығармалар тізімі орталық сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланды» Руслан Емелбаев

Руслан Емелбаев 2022-2023 оқу жылының басынан бастап ҰТО отандық жоғары оқу орындарымен бірлесіп өңірлерде мектеп түлектеріне ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын атап өтті. Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу мақсатында кездесулер жоғары оқу орындарының базасында ұйымдастырылды.

Источник: dknews.kz