үй Қазақстан жаңалықтары Цифрлы технологияларды енгізетін кәсіпорындардың шығыны өтеледі

Цифрлы технологияларды енгізетін кәсіпорындардың шығыны өтеледі

29
0

186 rob

Цифрлы технологияларды енгізетін кәсіпорындардың шығыны өтеледі

Фотосурет: АР

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Динара Щеглова Алматыда басталған «Digital Almaty: жаңа жағдайдағы цифрлы әріптестік» атты V халықаралық форумына қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Өнеркәсіпті цифрлы трансформациялау» сессиясы шеңберінде Индустрия 4.0 элементтеріне байланысты көрсетілетін мемлекеттік қолдау мен реттеу жолдары, сондай-ақ өндіріс орындарында цифрлы жобаларды дамытып, енгізу кезінде туындайтын өзекті мәселелер талқыланды.

Форум кезінде Қазақстан мен шетелдік компаниялардың мамандары осы бағыт бойынша өз ойларын ортаға салды. Атап айтқанда, «Аллюр» компаниялар тобы» АҚ, Tesla, Faceplate, CEO Geometry сынды ірі компанияларының өкілдері өнеркәсіпті заманауи тұрғыда ілгерілету жөніндегі тәжірибелерімен бөлісті.

Ашық диалог барысында ИИДМ басшысының орынбасары цифрлы технологияларды өнеркәсіпке енгізетін кәсіпорындарды ынталандыруға байланысты министрлік тиісті заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін, сондай-ақ IT-шешімдерді әзірлеп, енгізетін өндіріс орындары шамамен 60 млн теңгеге дейінгі сомада жұмсалатын шығындардың 40%-дан 50%-ға өтей алатынын жеткізді.

Бұл ретте Digital Almaty – еліміздің оңтүстігінде орналасқан мегаполисте жыл сайын өткізіліп тұратын және бизнес өкілдерінің, халықаралық сарапшылардың, IT-қауымдастық пен мемлекеттік органдар мен БАҚ өкілдерінің басын қосатын ірі технологиялық іс-шараға айналғанын айта кетейік.

Источник: dknews.kz