162 rob

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дүйсенғазы Мусин Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы колледжінде болып, оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысты. Оқытушылармен жүздесу барысында кадрларды даярлау сапасын жақсарту және мұғалімдердің біліктілігін арттыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Сенатор «Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС өңірлік филиалында да болды. Кездесу барысында орталық қызметкерлерімен балық шаруашылығын дамытуды ғылыми тұрғыда қамтамасыз ету, кәсіпорынды материалдық-техникалық жарақтандыру мен қаржыландыру деңгейінің төмендігі туралы айтылды.

Парламент депутаты жария етілген депутаттық сауалдары туралы, сондай-ақ Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті депутаттарының ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің басшылығымен өткізген еліміздің балық саласын дамытудың проблемалық мәселелеріне қатысты кездесуі жөнінде кәсіпорын қызметкерлерін хабардар етті.

Дүйсенғазы Мусин Сенаттың негізгі басымдықтарының бірі – өңірлерді дамыту болып табылатыны, сондықтан сенаторлар ауылдастардың айтқан мәселелерін мұқият зерделеп, салалық комитеттің жұмыс отырыстары барысында пысықтайтынына кездесулерге қатысушылардың назарын аударды.
«Сенат депутаттары еліміз өңірлерінің мүддесін ілгерілетуді және белсенді қорғауды қолға алып отыр. Біз аймақтардан сайланған сенаторлар ретінде белгілі бір салада қандай проблемалар бар екенін көріп отырмыз және жақсы білеміз. Еліміздің қалалары, аудандары мен ауылдарының тұрғындарын алаңдататын мәселелермен айналысу – біздің алдағы кезеңдегі міндетіміз. Парламенттің өткен жылғы жұмысы заңнаманы жетілдіруге бағытталды, оның ішінде көптеген маңызды конституциялық заңдар қабылданды. Мұның бәрі Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсаруына ықпал етуі тиіс» Дүйсенғазы Мусин
Источник: dknews.kz


