үй Қазақстан жаңалықтары Дәстүрлі «морзе» тілі әлі күнге дейін өзекті

Дәстүрлі «морзе» тілі әлі күнге дейін өзекті

36
0

258 rob

Дәстүрлі «морзе» тілі әлі күнге дейін өзекті

Десанттық-шабуылдау әскерлерінің жыл сайынғы дайындығы шеңберінде 16194 әскери бөлімінде радиотелеграфшылардың жиыны өткізіліп жатыр. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді Морзе әліппесінің көмегімен ақпарат беру үшін классикалық телеграф кодымен жұмыс істеуге үйретеді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Байланыс әскерлерін жаңа, жоғары технологиялық машиналармен және құралдармен жабдықтағанына қарамастан, Морзе кодын қолдана отырып, радиобайланыс арқылы ақпарат беру әлі де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Керісінше, қазіргі әскери қақтығыстарда тактикалық байланыста әскерлерді басқару кезінде оған басымдық беріледі.

Дәстүрлі «морзе» тілі әлі күнге дейін өзекті

– «Морзе» шуға төзімділігімен еркшеленеді. Оны бәсеңдету өте қиын. Ақпаратты символдық кодтау арқылы беру және қабылдау әр түрлі жылдамдықта жүреді. Орта білікті радио операторы минутына 60-100 таңба диапазонында жұмыс істейді, тәжірибелі мамандардың жылдамдығы 300 таңбадан асады, – деп атап өтті дәстүрлі байланыс түрінің ерекшеліктері туралы курс оқытушысы запастағы майор Идрис Гимуранов.

Дәстүрлі «морзе» тілі әлі күнге дейін өзекті

Радиобайланыстың мобильді, спутниктік, цифрлық және ақпаратты берудің басқа әдістерінен артықшылығы ең алдымен қосымша инфрақұрылымға қажеттіліктің болмауында дейді нұсқаушы. Өзімен бірге портативті станциясы бар радио операторы ғана бірнеше жүз шақырым қашықтыққа байланыс орната алады.

Дәстүрлі «морзе» тілі әлі күнге дейін өзекті

Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшылығының радиотелеграфшылар жиынын өткізудегі міндеті – кедергілерден қалай арылуды білетін, ақпаратты жедел және сапалы қабылдай алатын немесе бере алатын нағыз мамандарды даярлау.

Дәстүрлі «морзе» тілі әлі күнге дейін өзекті

Бір айлық сабақта келісімшарт бойынша әскери қызметшілер Морзе кодын басынан үйренуді, сандарды әріптерге айналдыруды және керісінше, өзгермелі ортаға жедел әрекет ету дағдыларын үйренеді.

– Радио операторда музыкалық қабілет, ырғақты сезуі, жылдам реакция қабылдауы, ақпаратты талдау мүмкіндігі болуы тиіс. Ол ұзақ (сызықша) және қысқа (нүкте) сигналдардың дыбысын нақты ажырата білуі, табанды және мұқият болуы керек, – деп  Десанттық-шабуылдау әскерлеріндегі 32363 әскери бөлімінің әскери қызметшісі гвардия сержанты Ғабит Мұқанов радио операторына қойылатын талаптар туралы айтып берді.

Бұл қабілеттер кез келгеннің бойынан табыла бермейді. Сондықтан оқуға 30 үміткердің ішінен мұқият іріктелген он төрт адам қабылданды.

Оқу курсын аяқтағаннан кейін келісімшарт бойынша барлық әскери қызметшілер өз бөлімшелерінде радиотелеграф лауазымдарына тағайындалады. Алдағы «Батыл тойтарыс» оқу-жаттығуы барысында олар меңгерген білімдерін, дағдылары мен машығын іс жүзінде көрсетеді.

Источник: dknews.kz