Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеновадан 17 желтоқсандағы демалыс күнін қайтаруды сұрады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz
- АВТОР
- Дина Шарипханова Корреспондент
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- Vkontakte
- Одноклассники
- Telegram
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеновадан 17 желтоқсандағы демалыс күнін қайтаруды сұрады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай сұраныс «Ашық диалог» порталындағы Еңбек министрінің блогына жіберілді. Ер адам Еңбек министрлігінің басшысынан 17 желтоқсанда демалыс күні мәртебесін қайтару мүмкіндігін қарастыруды сұраған. «Олар 25 қазан — Қазақстан Республикасы күні демалыс күні мәртебесін қайтарды, бірақ 1 және 17 желтоқсанды алып тастады. Мен түсінемін, бәлкім, Еңбек министрлігі еңбек пен демалыстың тепе-теңдігіне сүйенген шығар, бірақ біз, Қазақстан Республикасының азаматтары, 17 желтоқсан әрқашан мемлекеттік мереке мәртебесіне ие болғанына үйреніп қалғанбыз», — деп жазды үндеу авторы. Бұған жауап ретінде Тамара Дүйсенова Қазақстанда тойланатын мерекелердің құқықтық негіздері «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңмен реттелетінін айтты. «Заңның 5-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында ұлттық және мемлекеттік мерекелер тойланатын күндер — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндері. 16 желтоқсан — 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты күн болғандықтан мемлекеттік мереке. Ал еске алу күні — 17-18 желтоқсан. Осыған байланысты 17 желтоқсанды мемлекеттік мереке ретінде атап өтуді орынсыз деп санаймыз», — деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz