үй Қазақстан жаңалықтары «Е-қызмет» арқылы мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа рәсімі «адами фактордың» әсерін толығымен жояды

«Е-қызмет» арқылы мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа рәсімі «адами фактордың» әсерін толығымен жояды

37
0

305 rob

«Е-қызмет» арқылы мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа рәсімі «адами фактордың» әсерін толығымен жояды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі базасында іріктеу мен конкурстық рәсімнің жаңа форматының ережелерін түсіндіру бойынша пилоттық мемлекеттік органдар мен аумақтық департаменттердің қызметкерлеріне семинар-кеңес өткізілді. Биыл 1 наурыз бен 31 желтоқсан аралығында «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жобасын сынақтан өткізу басталады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі, деп хабарлайды DKNews.kz.

Пилоттық жоба МҚІА, Ақмола облысы мен Шымкент қаласы әкімдіктерінде, Сауда және интеграция, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінде жүргізіледі.

Жаңа іріктеу тәсіліне сәйкес, мемлекеттік қызметке орналасуға үміткерлер Жүйеде төрт заң бойынша заңнаманы және мемлекеттік тілді білу тестілеуінен 24/7 бойы өтеді.

Тестілеуден сәтті өткен үміткерлер Жүйедегі конкурсқа қатысуға өтінім береді.

Конкурстың іріктеу кезеңі – жеке қасиеттер мен үміткердің мәтіндік және сандық ақпаратпен (SHL) жұмыс істеу қабілетін бағалауды, эссе жазуды (барлық басшылық лауазымдар үшін міндетті), сарапшылар комиссиясымен әңгімелесуді қамтиды.

Тестілеу мен эссе жазу кезеңінде үміткердің тәртіпті сақтауын прокторинг қамтамасыз етеді.

Іріктеу кезеңдерінде ең төмен балл жинаған үміткерлерді жаңа жүйе автоматты түрде кезең-кезеңмен алып тастау арқылы үздік 3 үміткерді пилоттық органның сарапшылар комиссиясында әңгімелесу кезеңіне жібереді.

Сарапшылар комиссиясы алдын ала қалыптастырылатын мемлекеттік органның өкілдерінен, тәуелсіз бағалаушылардан тұрады және оның үштен бір бөлігін бағалаушылар құрайды.

«Е-қызмет» арқылы байқаудың жаңа рәсімі «адами фактордың» әсерін толығымен жояды.

Іріктеуден өту кезінде иесіздендіру және анонимділікті қамтамасыз ету үшін жүйемен үміткерлерге сәйкестендіру нөмірі беріледі.

Нәтижесінде пилоттық жобада конкурс жеңімпазы комиссияның шешімімен емес, сәйкесінше барлық кезеңдердің жиынтық қорытындысы бойынша жүйемен автоматты түрде анықталатын болады.

Источник: dknews.kz