Бүгін Екібастұзда 65 тұрғын үй, оның ішінде 4 көпқабатты үй жылу желілеріндегі ақауды жою кезінде жылудан ажыратылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz
- АВТОР
- Жансая Қадыржанова Корреспондент
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- Vkontakte
- Одноклассники
- Telegram
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
pixabay Бүгін Екібастұзда 65 тұрғын үй, оның ішінде 4 көпқабатты үй жылу желілеріндегі ақауды жою кезінде жылудан ажыратылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Екібастұз әкімдігі мәліметінше, жөндеу жұмыстары бірден 8 учаскеде жоспарланған. Марғұлан, 1, Мәшһүр Жүсіп, 58/1, Әуезов, 61/1, Молдағұлова және Шығыс өткелдері, 12-желілік өткел, Шевченко, 30, Оңтүстік өткел, 8-көшелер бойынша жылумен жабдықтау желілерінің ақау шыққан учаскелері ауыстырылған. Тұрғын үйлердегі жылу жүйесін өшіру сағат 8.00-ге дейін жалғасқан. Жөндеу жұмыстарына 37 адам және бес арнайы техника жұмылдырылған. «Барлық жөндеу жұмысы аяқталғаннан кейін жылуы ажыратылған үйлердегі жылумен жабдықтау жүйесі қалпына келтіріледі», — деді әкімдік өкілдері. Айта кетейік, қарашаның аяғында Екібастұздың барлығы дерлік ЖЭО-да бірнеше агрегат тоқтауына байланысты жылу мен ыстық сусыз қалған еді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz

