
Фото: pavlodarnews.kz
Екі әлеуметтік нысан уақытша жылумен жабдықтаудан ажыратылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Екібастұз, NEGE. «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС ақпараты бойынша, 15 қаңтар күні сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін ТК-4Л-ден Мәшһүр Жүсіп, 124 көшесіне қарай орамішілік жылу желісін ажыратады.
– Бұл жылу желісінде кран орнатылады. Осыған байланысты 20 көпқабатты және 106 жеке тұрғын үйде жылумен жабдықтау болмайды, сондай-ақ 14 заңды тұлға мен екі әлеуметтік нысанда жылу өшіріледі, — делінген компания хабарламасында.
Компания жылуды қосу уақыты шамамен көрсетілгенін айтады.
Источник: nege.kz



