үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Түркиядағы президент сайлауы екінші турға ұласуы мүмкін

Түркиядағы президент сайлауы екінші турға ұласуы мүмкін

0

ЖАҢАЛЫҚТАР Түркиядағы президент сайлауы екінші турға ұласуы мүмкін

Бөлісу

  Түркиядағы президент сайлауы екінші турға ұласуы мүмкін Бөлісіңіз

Түркияда 14 мамыр, жексенбіде өткен президент сайлауында кандидаттардың ешбірі 50 пайыз дауыс жинай алмаған. Түркияның мемлекеттік ақпарат құралдары, соның ішінде TRT Haber телеарнасы бюллетеньдердің 93 пайызы саналғанын, Ердоғанның 49,67 пайыз дауыс, негізгі бәсекелесі, оппозициядағы алты партияның ортақ кандидаты Кемаль Қылышдароғлы 44,59 пайыз дауыс жинағанын хабарлаған.

Мемлекеттік "Анадолы" ақпарат агенттігі бюллетеньдердің 80 пайызы саналып, Ердоған бірінші турда 50,43 пайыз, Қылышдароғлы 43,77 пайыз дауыс алды деп хабарлады. Дауыс беру аяқталғаннан кейін жергілікті медиа Ердоған озып тұрғанын үсті-үстіне көрсеткен.

Алайда Қылышдароғлы Ердоған емес, өзі озып тұрғанын мәлімдеген. Оппозиция "Анадолы" жариялаған мәліметті қатаң сынап, оған сенбеуге үндеген.

Түркияның Жоғарғы сайлау комиссиясының басшысы Ахмет Йенер жексенбі күні кешке Түркиядағы дауыс беру бюллетеньдерінің 47,08 пайызы, шетелдегі бюллетеньдердің 12,6 пайызы саналды деп мәлімдеген. "Ол қандай да бір кандидат озған-озбағаны туралы айтпаған және сайлау қорытындысын кідіртіп отыр деген айыптауды теріске шығарған" деп хабарлайды "Би-би-си".

Ек кандидаттың айналасындағы дерекөздер Ердоған мен Қылышдароғлы 50 пайыз дауыс жинай алмаса, 28 мамырда екінші тур өтуі мүмкін екенін жоққа шығармай отыр.

Источник: www.azattyq.org

Exit mobile version